Қаржы • 02 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай қала төлейді

610 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда Алматы қаласында орташа жалақы көлемі 20%-ға жоғары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай қала төлейді

Алматы әкімінің орынбасары 11 ай ішінде қаланың экономикалық көрсеткіштері қалай өзгергенін баяндап берді. 

«Алматы - республикалық бюджеттің доноры. Ол ұзақ уақыт бойы республиканың басқа өңірлері арасында жетекші орынға ие. Қаланың ЖІӨ елдің ЖІӨ-нің бесінші бөлігін құрайды (1-ші жартыжылдықта - 105,5%, ҚР бойынша - 102,4%). Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер ел бойынша барлық түсімдердің төрттен бірін құрайды», дейді Ілияс Өсеров.

Өткен жылы карантин мен локдаунның енгізілуіне байланысты бизнеске салық төлеу мерзімі кейінге қалдырылғаны атап өтілді. Жергілікті бюджетке шағын және орта бизнес субъектілерінен корпоративтік табыс салығы берілді, сондай-ақ республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттің шығындары 64,4 млрд теңге көлемінде өтелді.

Ілияс Өсеровтың айтуынша, биыл салық түсімдерінің өсу қарқыны жоғары.

«11 айдың қорытындысы бойынша біз өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салық түсімдерінің 28,7%-ға өсуін байқап отырмыз», дейді әкім орынбасары.

Осылайша, сауда-саттық - 144%, байланыс - 161%, қаржы және сақтандыру - 137%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 121%, құрылыс - 120% салаларында салықтар айтарлықтай өсті.

Бұл ретте, статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жылдың 3-тоқсанында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жалақы 20,1%-ға өсті. Осылайша, қала бойынша орташа айлық жалақы республикалық деңгейден 16,4%-ға жоғары болып, 283 700 теңгені құрайды. Айта кетсек, Қазақстан бойынша орташа жалақы - 243 667 теңге.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025