
Франция чемпионатына ауысқалы бері Месси «ПСЖ» сапында сегіз мәрте жасыл алаңға шықты. Алайда ол сегіз кездесуде бар болғаны бір голдың авторы атанды. Жалпы сол сегіз ойында Месси қарсылас командалардың қақпасына 30 мәрте соққы жұмсаған. Алайда тепкен добының көбі қисық кеткен. Бір сөзбен айтқанда бұл Месси бұрынғы Мессиге ұқсамай тұр.