
«Негізі басты мақсатымыз – Джордж Камбососты Джервонта Дэвиспен кездестіру. Әйткенмен бірінші кезекте біз алдағы уақытта қандай қадамдарға баратынымызды анықтап алуымыз керек. Бір анығы, Дэвиспен Джордж рингте кездессе үлкен шайқас болатыны даусыз. Сондай-ақ Василий Ломаченкомен жекпе-жек өткізу де назарымыздан тыс қалмақ емес. Әрине, ол алдымен Ричард Коммиді ұтуы тиіс. Сонда Василий Ломаченко біздің бір нұсқамыз болады. Васямен шайқас үлкен жекпе-жек екені рас. Өйткені ол - бокс әлемінің жұлдызы. Одан бөлек Райан Гарсия рингке оралса, онымен де жекпе-жек ұйымдастыруға болады», дейді промоутер.