
Соңғы деректерге зер салсақ, Жанқош Тұраров мысырлық Абдумонем Саидпен қолғап түйістіреді. Египет боксшысы шаршы алаңға 24 мәрте шығып, оның 22-інде жеңіске жеткен, бір кездесуде жеңіліп, бір жекпе-жекте қарсыласымен тең түскен. Ал Жанқош Тұраров 24 жекпе-жегінің барлығында қарсыластарынан айласын асырған. Мысырлық боксшының 39 жаста екенін ескерсек, Жанқош бұл кездесуде жылдамдығын, бүкіл шеберлігін көрсете алады деп пайымдаймыз. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.