Аймақтар • 26 Қараша, 2021

Синтетикалық есірткі өндірген алматылық 10 жылға сотталды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан алматылық 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синтетикалық есірткі өндірген алматылық 10 жылға сотталды

Алматы қалалық сотында хабарланғандай, Ш. есімді күдікті интернет арқылы мефедрон дайындау үшін реагенттері бар конструкторға тапсырыс берді.  Саты алынған компоненттерді 4 күнге жалға алған пәтерге алып келіп, одан әрі сату үшін психотроптық заттарды дайындай бастады.

«Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жалға алынған пәтерді тінту барысында психотроптық заттарды өндіруге арналған жабдықтар ғана емес, салмағы 196,22 грамм мефедрон есірткісін де тауып тәркіледі», делінген сот хабарламасында.

Қалалық сотта түсіндірілгендей, мұндай қылмыс үшін ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің санкциясы он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психотроптық затты өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін сотталғанға қатысты (ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағы) 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімін апелляциялық саты өзгеріссіз қалдырды. Сотталушының жеке басын түзеу, жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті, оның жеке басы, іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі туралы деректерді ескере отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», деп нақтылады сотта.

Іс апелляциялық сатыда сотталған адамның және оның адвокатының апелляциялық шағымдары бойынша қаралды. Сот үкімі күшіне енді.