Әлем • 26 Қараша, 2021

Коронавирустың тағы бір штаммы анықталды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Африка Респуликасында B. коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирустың тағы бір штаммы анықталды

Бұл туралы BBC агенттігі жазады.

«Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін», деп баяндады агенттікке берген сұхбатында оңтүстік африкалық эпидемиолог, профессор Салим Карим.

Жұма күні Дүниежүзілік денсаулық ұйым сарапшылары жағдайды бағалау үшін Оңтүстік Африка республикасында осы елдің шенеуніктерімен кездеседі. Вирустың жаңа нұсқасына грек алфавитінің бір әрпімен («дельта» нұсқа сияқты) атау берілуі мүмкін.

Жаңа штамм «Ню» деп аталуы жоққа шығарылмайды. Бейсенбі кешінде Ұлыбритания билігі Африканың бірнеше мемлекетінен (ОАР, Нимибия, Зимбабве, Боствана, Лесото және Эсватини) келушілер үшін міндетті карантин енгізді. Бұл мемлекеттерден Британияға әуе рейстеріне уақытша тыйым салынған.

Әзірге Оңтүстік Африка Респуликасында, Гонконг және Боставанада жаңа нұсқаны жұқтырудың 59 оқиғасы расталды. Ол алғаш рет Претория ауданындағы бірнеше студенттен анықталған.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше