
Премьер-лиганың қорытындысына сәйкес алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен бұл тізімде көш бастап тұр. Ол аяқталған маусымда екі рет алаңнан қуылып, алты мәрте ескерту алған. Үздік үштіктің қатарына қарағандылық «Шахтер» футболшысы Михаил Габышев пен қызылордалық «Қайсардың» ойыншысы Думан Нәрзілдаев енген.