Үкімет • 23 Қараша, 2021

Атамқұлов жергілікті қамту көрсеткіштерін асыра орындаған өңірлерді атады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Атамқұлов жергілікті қамту көрсеткіштерін асыра орындаған өңірлерді атады

«Отандық өндірушілерді қолдау үшін ұлттық экономиканың өзіндік стратегиялары іске асырылып жатыр. 2020 жылдан бастап жергілікті қамту үлесі артып, көрсеткіш 1,3% құрады. Биыл 9 айдың қорытындысында реттелетін сатып алудың жалпы көлемі 12,9 трлн теңгені құрады. Жергілікті қамту үлесі 6,4% өсіп, 58,3% құрады», деді министр.

Атамқұлов атағандай, субъектілер бойынша ең жоғары өсім мемлекеттік сатып алуда - 6,2%, ұлттық компаниялардағы сатып алуларда - 0,8% және жер қойнауын пайдаланушылар - 12,8% өсім көрсетті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл басында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік сатып алуларда мәлімделген жергілікті қамту көрсеткіштері бойынша деректер салыстырылды. Нәтижесінде 14 өңірде көрсеткіштердің артық екені анықталды. Осыған байланысты тиісті ұсыныстар берілді. Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін жыл сайын тексеру жүргізуді тапсырды», деді Бейбіт Атамқұлов.