Аймақтар • 20 Қараша, 2021

Ақмола облысында жұмысшы экскаватор шөмішінің астында қалып көз жұмды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында экскаватор шөмішінің астында қалған жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында жұмысшы экскаватор шөмішінің астында қалып көз жұмды

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы 19 қарашада сағат 14:48-де Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне аудандық аурухананың дәрігері хабарласып, жедел жәрдем көлігінде ауруханаға алып келе жатқан жұмысшы көз жұмғанын айтты.

«Қайғылы жағдайдың жөндеу жұмыстары кезінде болған. Жеке өндіріс орнында жұмыс істейтін 52 жастағы жұмысшыны экскаватор шөміші басып қалған», деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-шы бабының 3-ші бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен бірге, сот-медициналық сараптама тағайындалды.