
«Жәнібек Әлімханұлының орта салмақ дәрежесіндегі үздік 10 боксшының қатарына кіретініне сенімдімін. Бұл боксшы туралы әзірге көп адам біле бермейді. Бірақ бұл олқылықтың орны Нжикаммен өтетін жекпе-жектен кейін толтырылады. Жекпе-жек барысында Жәнібектің толық басымдыққа ие болатыны даусыз. Ол қарсыласын шамамен кездесу ортасында нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетеді деп болжаймын. Бұл тамаша жеңіс болады», деді АҚШ сарапшысы өз ойын түйіндеп.