Кәсіпқой бокс • 18 Қараша, 2021

Иван Дычконың қарсыласы анықталды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычконың кезекті жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иван Дычконың қарсыласы анықталды

18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде рингке көтерілетін Иван Дычко ресейлік Александр Устиновпен қолғап түйістіреді. Шаршы алаңда 10 кездесу өткізіп, қарсыластарының барлығын мерзімінен бұрын жеңген Иванның қарсыласы кәсіби мансабында 36 жекпе-жекті жеңіп, 5 мәрте жеңілістің кермек дәмін татып, бір қарсыласымен тең түскен.

Әрине, Устинов Иван Дычко үшін қиын қарсылас емес. Алайда отандасымыз тәжірибелі боксшымен қолғап түйістіріп, жеңісті жорығын жалғастырып, рейтингте жоғарылағысы келеді. Бұл кездесу соның бір сатысы болар, бәлкім.