Президент • 16 Қараша, 2021

Президенттің қатысуымен Ұлттық қоғамдық кеңестің отырысы басталды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің қатысуымен Ұлттық қоғамдық кеңестің отырысы басталды

Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жиын барысында Мемлекет басшысының Ұлттық кеңес аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Отырыс кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтіп жатыр. Президенттің баспасөз қызметі Facebook желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырған. Айта кетейік, Ұлттық кеңес ұсынысымен 90-нан астам нормативтік-құқықтық акті, оның ішінде 20 заң қабылданды. Тағы 12 заң жобасы әзірленіп жатыр.

Осы уақытқа дейін Мемлекет басшысының қатысуымен кеңестің 5 отырысы өтті. Сонымен қатар ҚР Президенті Ұлттық кеңес мүшелерімен 28 жеке кездесу өткізді. 2020 жылы пандемия жағдайында Ұлттық кеңес мүшелерінің министрлермен онлайн кездесулері ұйымдастырылды.