Аймақтар • 13 Қараша, 2021

Маңғыстаулық шаруалар төтенше жағдай жариялауды талап етті

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың шаруалары төтенше жағдай жариялау туралы талап қойып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстаулық шаруалар төтенше жағдай жариялауды талап етті

Өйткені, қыстың қаһары өңірде аша тұяқ мал қалдырмауы мүмкін дейді. Төтенше жағдай жарияланып, мемлекеттен көмек берілсе, өңірдегі қалған мал басын аман алып қалуға болады деген пікірде.

- Ең болмаса мал азығының қазіргі құнын 50-60 пайызға арзандатыңдаршы дедік. Немесе, өңірде мұнай ісімен айналысып отырған компаниялар көмек көрсетсін, біздің жерімізді пайдалып отыр ғой. Олар да көмек берсін. Жем мен шөптің бағасы енді түспейтін болса, мұнай компаниялары 50 пайызын төлесін, - дейді шаруа Әділбек Сағындық.

Сонымен қатар, құдық қазу мен жайылым және шабындық жерлерді дұрыс игеруге көңіл бөлінсе дейді. Одан бөлек, Маңғыстаудың жабы жылқысын және түйесін асыл тұқымды мал қатарына енгізіп, заңнамаларда көрсетілген түрлі көмектер берілсін деп отыр.

- Шаруа қожалықтарында Мал азығы да тапшы екенін көріп отырмыз. Мал азығы нашар болғандықтан малдың да күйі, құндылығы өте төмен. Бірақ оған қарамастан үкімет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр, - деді Маңғыстау облысы ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов.

Қазбек Тәшімов жуырда ғана облыстың ауылшауаруашылығы басқармасына басшы болып тағайындалды. Айтуынша, дәл қазіргі уақытта қысқы мал азығы үшін 68 мың тонна шөп, 30 мың тоннадан астам жем қоры дайын тұр дейді ол.