Әлем • 12 Қараша, 2021

Түркі кеңесі саммитіне қатысушылар Ыстанбұл маңындағы аралға келді

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (Түркі кеңесі) елдерінің басшылары Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Түркі кеңесінің VIII саммиті өтетін Ыстанбұл маңындағы «Демократия және бостандық» аралына келді, деп хабарлайды Egemen.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Түркі кеңесі саммитіне қатысушылар Ыстанбұл маңындағы аралға келді

Президент Ердоған қайықта Түрікменстан, Әзірбайжан Президенттері және Венгрия Премьер-Министрімен сөйлесті. 

Аралға келген саммитке қатысушыларды вице-президент Фуат Октай мен ​​«Әділет және даму» партиясы төрағасының орынбасары Чигдем Карааслан қарсы алды. 

Саммитке Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысады.

«Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар» ұранымен ұйымдастырылған саммитке Венгрияның Премьер-Министрі Виктор Орбан мен Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әмреев те қатысады.