
Сонымен маусым қорытындысы бойынша Алматының «Қайратының» халықтық команда екені нақтыланды. Ал өз алаңындағы ойындарда жанкүйерлер «Ақтөбенің» ойынын қызыға тамашалайды екен. Сондай-ақ жанкүйерлер Талдықорғанның «Жетісуі» өз алаңында кездесу өткізгенде оның матчтарына қызықпайды, ал жалпы көрсеткіш бойынша зерделесек, Оралдың «Ақжайық» командасының ойынын көруге жанкүйерлер құлықты емес болып шыққан.