Бокс • 08 Қараша, 2021

AIBA рейтингі: Топ тізгіні – Қазақстанда

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әуесқой бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде жалпыкомандалық есепте Куба құрамасы топ жарса, Қазақстан екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

AIBA рейтингі: Топ тізгіні – Қазақстанда

Бұл додаға әлемнің жүзден астам мемлекетінен шамамен 650 боксшы қатысты. Ұлттық құрамалардың қамтылуы және боксшылардың саны жағынан Сербияда ұйымдастырылған жаһандық дода бұған дейінгі әлем чемпионаттарын қоса есептегенде екінші көрсеткіш. Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде иеленгенін айта кеткен жөн.

Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін AIBA ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады. Шамасы ширек финалға дейін 10 боксшымыздың жеткені ескерілген болуы керек, бұл рейтингте Қазақстан құрамасы топ бастады.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025