Кәсіпқой бокс • 04 Қараша, 2021

Жан Кособуцкий доминикандық боксшымен жұдырықтасады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жан Кособуцкий доминикандық боксшымен жұдырықтасады

Германиялық БАҚ-тың хабарлауынша, аса ауыр салмақтағы қазақ оғланы 20 қараша күні шаршы алаңға оралады екен. «Алыптардың оралуы» деп аталатын бокс кешінде рингке көтерілетін Жан Доминикан Республикасының намысын қорғап жүрген Алексис Гарсиямен қолғап түйістіреді.

Жанның өзі секілді бұл жолғы қарсыласы да әзірге жеңілістің дәмін татпаған. Гарсия кәсіпқой рингте 11 кездесу өткізіп, қарсыластарының барлығынан айласын асырған. 7 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Жан болса 16 шайқаста мысы басым болып, 15 кездесуді уақытынан бұрын бітірген.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025