Білім • 02 Қараша, 2021

Асхат Аймағамбетов мектептерде тексеріс жүргізілетінін айтты

7005 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қараша айының екінші жартысында еліміздегі мектептерде республикалық тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов мектептерде тексеріс жүргізілетінін айтты

Отырыс барысында министр 58-ші мектепте болған оқиғаны еске түсірді. Қазан айының басында коронавирус вакцинасына қарсы белсенді Айна Бакеева мен оның серіктестері мектепке кіріп, жанжал шығарған болатын.

«Біз осындай жағдайлар үшін күзет қоюға арнайы тапсырма бердік. Болған жағдай мәселенің толық шешілмегенін көрсетті. Сондықтан қарашаның екінші жартысында қосымша республикалық тексеріс жүргізіледі. Қажетті уақыт берілді, қаражат бөлінді, проблеманы шешуге мүмкіндік бар. Тағы да қайталаймын, ең маңызды мәселе – балалардың қауіпсіздігі», деді министр.

Айта кетері, әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше әйел мектеп оқушыларына білім мекемесінде вакцина салынып жатқанын айтқан, ол ата-аналар чаттарын дүрліктірді.

Елорданың білім басқармасы 58-ші мектептің директоры оқиға кезінде орнында болмағанын хабарлады. Ол қалалық әкімдіктегі жиналысқа кеткен. Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі Айна Бакеева мен мектепке баса-көктеп кірген басқа да әйелдердің үстінен шағым түсірді. Айтуларынша, олар күзетші мен медицина қызметкерін ұрып-соғып, жалған ақпарат таратқан.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше