
Деректерге сенсек, Абат Айымбетов жаңа маусымда «Ақтөбе» футбол клубының жейдесін киюі мүмкін. Тіпті келіссөздер де жүргізіліп қойған секілді. Абат бұрын да «Ақтөбе» сапында жасыл алаңға шыққан. Аталмыш ұжыммен бірге ел чемпионатында топ жарған да болатын.