
Махмұд Сабырхан шаршы алаңда шотландиялық Мэттью Макхейлге қарсы жұдырықтасты. Рингте үш раунд бойы ойқастап жүріп өнер көрсеткен Махмұд Сабырханның бокстасу стилі көз сүйсінтті. Басымдықты уысынан шығармаған отандасымыз кездесу жеңімпазы атанып, ширек финалға жолдама алды.