
71 кило салмақ дәрежесінде рингке көтерілген Асланбек Шымбергенов жанкүйерлерді шын қуантты. Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, өзбекстандық Шахрам Гиясовпен қолғап түйістірген отандасымыз үш раунд бойы бірінші нөмірмен жұмыс істеп, қарсыласын әбден тықсыртты. Арақашықтықты дұрыс ұстай білген ол жойқын соққыларын дәл тигізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.