Бокс • 29 Қазан, 2021

ӘЧ: Бүгін шаршы алаңға төрт боксшымыз шығады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты қыза түсті. Бүгін шаршы алаңға төрт бірдей қазақ боксшысы көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘЧ: Бүгін шаршы алаңға төрт боксшымыз шығады

Алдымен рингке 54 келі салмақ дәрежесіндегі сайыпқыранымыз Махмұд Сабырхан шығады. Ол Оңтүстік Корея боксшысы Ин Гю Киммен қолғап түйістіреді (кездесу шамамен 18:30-да). Бұдан соң 92 келі салмақтағы саңлағымыз Айбек Оралбай польшалық Матеуш Березницкийдің шамасын байқап көрмек (жекпе-жек 20:15-ке жоспарланған). Үшінші болып рингте 60 келі салмақтағы Саматәлі Төлтаев көтеріледі. Саматәлінің қарсыласы – тайландтық Хунатицу Пиднучу (шайқас уақыты – 22:45).

Ал күннің басты жекпе-жегінде 71 келі салмақтағы Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Шахрам Гиясовты жеңуге тырысып көрмек (кездесу уақыты – 00:15).

Асланбек Шахрамды бұрын жеңген. Енді сол жеңісін қайталауға күш салады. Бұл шайқастардың барлығын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше