Аймақтар • 22 Қазан, 2021

Қауіпті дерттен айыққандардың саны артып келеді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың есепті мерзіміне дейін қауіпті ісік дертінен емделген науқастардың саны - 13 256, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш мыңға артқан. Бұл мәліметті брифинг барысында Алматы қаласы онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қауіпті дерттен айыққандардың саны артып келеді

«Оңтүстік астанадағы емделгендердің саны 13 256 адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш мыңға көп. 2 мыңнан астам күрделі операция жасалған. Скрининг және онкологиялық науқастарды ерте диагностикалау, сондай-ақ емдеумен 100 пайыз қамтудың арқасында қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіші 10,6%-ға төмендеді», деді спикер.

Оның сөзіне зер салсақ, жүргізіліп жатқан скринингтер өте маңызды рөл атқаратын көрінеді. Тексерудің арқасында 148 обыр жағдайы және 9 304 обыр дер кезінде анықталған.

«Мұнда қатерлі ісік ауруының 90%-ы сырқаттың 1-2 сатысында скрининг арқылы белгілі болған. Әрине, осындай жағдайларда ойдағыдай емдеуге мүмкіндік бар. Сондықтан скринингтен өтудің маңызы зор екенін ескерген жөн. Соның арқасында диагностикалауға мүмкіндік туады әрі ісік ерте сатысында емделуі ықтимал. Кейінгі кезеңдерде емдеу күрделене түседі», дейді Нұрсұлтан Ізбағамбетов.

Брифинг барысында ол эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, науқасты емдеу барлық ереже бойынша жүргізілгенін тілге тиек етті.

«Егер онкологиялық науқас коронавирус жұқтырса, онда алдымен осы дертке емдеу жүргізіледі. Науқас емделіп шыққан соң онкологиялық орталықта ем алады», деп атап өтті онкологиялық орталықтың директоры.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50