Ауа райы • 20 Қазан, 2021

Алдағы үш тәулікте күн суытады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 21-23 қазанына арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш тәулікте күн суытады

«Ресейдің Мурманск қаласы жағынан келген жаңбыр мен қар аралас циклон салдарынан 22 қазанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте, орталықта және шығыста боран соғуы ықтимал. Оған қоса, ауа температурасы түнде -3, +2 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2-10 градус аралығында болады», делінген хабарламада.

22 қазаннан бастап еліміздің батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, күндіз ауа температурасының 15-22 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.



Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50