Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да заңсыз жүрген Тәжікстан азаматтары анықталды

1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы аумағында заңсыз жұмыс істеген Тәжікстанның 29 азаматы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да заңсыз жүрген Тәжікстан азаматтары анықталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Учаске» жедел алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде, 29 заңсыз иммигрант анықталған.

«Көші-қон қызметінің өкілдері Ақтоғай кентінде уәкілетті органның рұқсатынсыз жел станциясының құрылыс жұмыстарымен айналысқан Тәжікстан Республикасының 29 азаматын анықтады. Қазіргі уақытта шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5 -бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Тиісті материалдар жаза тағайындау үшін сотқа жіберілді», дейді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Бекпаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 300-ден астам адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20