Спорт • 29 Қыркүйек, 2021

Паралимпиадалық емес спорт түрлерінен жарыстар аяқталды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-25 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында ҚР VI Спартакиадасы аясында паралимпиадалық емес спорт түрлерінен жарыс өтті, деп жазады Egemen.kz.

Паралимпиадалық емес спорт түрлерінен жарыстар аяқталды

«Паралимпиадалық емес спорт түрлеріне дойбы «64» (көру қабілету нашар), дойбы «100» (көру қабілеті төмен), шахмат (тірек қимыл  аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен), арбамен билеу (тірек қимыл  аппараты зақымданған), каратэ (көру және тірек қимыл  аппараты зақымданған) жатады», деп жазады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ бәсекесі «Көрме» орталығында, каратэ жекпе-жектері жоғары спорт шеберлігі мектебінде, арбада билеу жарысы «Түркістан сарайы» мәдениет үйінде өтті.

Спартакиадаға Қазақстанның 17 өңірінен келген 341 спортшы қатысты. Оның ішінде «Дойбы -100»  бойынша – 35 спортшы, «Дойбы -64»  бойынша - 47 спортшы, «Шахмат» бойынша – 84, «Тоғызқұмалақ» бойынша - 86, «Арбамен билеу» бойынша-74, «Каратэ» бойынша-15 спортшы келді.

111