Экономика • 29 Қыркүйек, 2021

Инфляция, қайда барасың?

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы тамызда инфляция 0,5%-ды (2020 жылғы тамызда - 0,1%) құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инфляция, қайда барасың?

«Жылдық инфляция 8,7% деңгейінде қалыптасты (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%). Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларына бағалар жылдық мәнде 11,4%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 7,3%-ға, ақылы қызметтерге - 6,6%-ға өсті», делінген ҚР Ұлттық Банкі хабарламасында.

2021 жылғы тамызда халықтың сауалнама нәтижелері бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияның сандық бағасы 8,8%-ды құрады.