Елорда • 25 Қыркүйек, 2021

Елордада Тайбурыл мен Үшқоңыр көшелері жабылады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Тайбурыл және Үшқоңыр көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Тайбурыл мен Үшқоңыр көшелері жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тайбурыл және Үшқоңыр көшелеріндегі жол төсемдерін жөндеу жұмыстарынан өткізе бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Игілік көшесінен Өндіріс көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады. Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген көлік басқармасының хабарламасында.