Оқиға • 25 Қыркүйек, 2021

«Азия-Авто» басшысының қайтыс болу фактісі бойынша тергеу басталды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азия-Авто» АҚ басшысы Антон Ненаховтың қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азия-Авто» басшысының қайтыс болу фактісі бойынша тергеу басталды

«23 қыркүйекте Өскемен қаласы полиция басқармасының Ертіс полиция бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

Бұған дейін сот ҚР ИИДМ-нің «Азия-Авто» компаниясынан өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырған болатын. Кәсіпорынның бас акционері - қазіргі уақытта іздеуде жүрген Анатолий Балушкин. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.