Қоғам • 18 Қыркүйек, 2021

Алматы көшесінде бір көлік өртеніп кетті

1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Рысқұлов даңғылында көлік өртенді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы көшесінде бір көлік өртеніп кетті

Zakon.kz жазуынша, Volkswagen автокөлігі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, кенеттен көліктің капотының астынан қою түтін көтеріле бастаған соң жолдың шетіне шығып, жүк көлігінің жанына тоқтаған. Сол сәтте жалын лап етіп, жана бастаған.

Куәгерлер қанша көмектессе де, көлікті өрттен құтқару мүмкін болмады. Ол бірнеше минутта жанып кетті. Жалын жақын жерде тұрған жүк көлігіне қауіп төндірген, алайда өрт сөндірушілер оны құтқарып қалды.

Алдын ала болжам бойынша, көлікте қысқа тұйықталу орын алып,  өздігінен жана бастаған.

Соңғы жаңалықтар

Digital: дәуір дидары

Digital • Бүгін, 08:20

Әр операция – бір тағдыр

Маман • Бүгін, 08:15

Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?

Сараптама • Бүгін, 08:10

Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07

Атына заты сай кәсіпорын

Өндіріс • Бүгін, 08:00