Әлем • 23 Тамыз, 2021

Мұнай платформасында жарылыс болды

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде мексикалық Petroleos Mexicanos (Pemex) компаниясының мұнай өндіру платформасында болған жарылыс видеосы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнай платформасында жарылыс болды

Жарылыс болған Платформа Мексиканың Сьюдад-дель-Кармен қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан.

«Pemex мәліметінше, сағат 16:30 шамасында Кампече аймағында орналасқан Ku-Maloob-Zaap өндірістік кешенінің E-Ku-A2 платформасында шыққан өрт оқшауланды», делінген компанияның Twitter-парақшасында.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға газ бен мұнайды басқа мұнай нысандарына тарату орталығында болған.

Бұл Pemex компаниясының ең ірі шикі мұнай өндірушісі. Мұнда күнделікті өндірілетін 40 миллион баррелдің 1,7 пайызынан астамы өндіріледі.

Шілденің басында осы мұнай өндіру кешеніндегі Ku-Charly платформасында су астындағы газ құбырының бұзылуына байланысты өрт болды. Алдын ала ақпарат бойынша, өрттің себебі теңіз платформалары арасындағы құбырдағы реттеуші клапаннан 78 метр тереңдікте көмірсутек шыққан. Өрт дер кезінде сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше