Тарих • 04 Тамыз, 2021

Едіге батыр мен Исатай Тайманұлы қайда жерленген?

986 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің тарихшылармен кездесуінде белгілі болды, деп жазады Egemen.kz

Едіге батыр мен Исатай Тайманұлы қайда жерленген?

Көрнекі сурет: livejournal.com

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тарих ғылымдарының докторы, Шығыс елдері сәулеті халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Серік Әжіғали, тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры міндетін атқарушы Талғат Мамыровпен кездесті.

Ғалымдар облыс әкіміне Мұғалжар ауданы аумағындағы Жағабұлақ қорымынан бір ай шамасында табылған бірегей олжа – тастан жасалған құрбан шалынатын орын мен алтынмен қапталған көрнекті семсерді көрсетті.

Айта кетейік, қорымның өзі бұрынғы темір дәуіріне тән. Мұнда сондай-ақ қола айналар, алтын тоға және т.б. ежелгі заттар табылды. Археологиялық ескерткішті зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Сонымен бірге, Қарғалы ауданында қола дәуірінің қоныс мекені табылды. Сол аумақтан метал пеш табылған. Бұл қазіргі Ақтөбе облысының аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың метал өндірісімен айналысқанын дәлелдейді.

Жуырда өңірде Едіге батыр мен Исатай Тайманұлының жерленген орнын іздеу жұмыстары басталды. Құрамына архитектор, этнограф, археологтар мен арабистер кірген этнографиялық экспедицияны атақты ғалым, профессор Серік Әжіғали басқарды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25