Қазақстан • 03 Тамыз, 2021

Енді қой мен жылқыны сақтандыруға болады – АШМ

1070 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өсімдік шаруашылығындағы ылғалдың жетіспеушілігі мен артықшылығынан алқаптарды сақтандыру және мал шаруашылығындағы ірі қара малды сақтандыру бойынша қолданыстағы өнімдерге ұсақ қара мал мен жылқыларды сақтандыру қосылды, деп жазады Egemen.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді қой мен жылқыны сақтандыруға болады – АШМ

2020 жылдан бері мал шаруашылығында тек сиырды түрлі тәуекелдерден сақтандыру жұмысы атқарылып келген болатын. Нарыққа ұсақ мал мен жылқыларды толық сақтандыруды қамтамасыз ететін жаңа өнімдер енгізілді. Оған барлық ықтимал тәуекелдер кіреді және салыстырмалы түрде құны да төмен.

Мал аурудан, өрттен, жазатайым оқиғалардан өлсе және ұрылар сойып алса, жоғалып кетсе, сақтандыру арқылы шығынды өтеп алуға болатын механизм ұсынылады.

Малды қалыпты түрде сақтандыру аясында фермер малын өз шаруашылығының аумағында ғана түрлі тәуекелдерден сақтандыра алады.

Сақтандырудың кеңейтілген түрі форматында фермер малын 5 км радиуста орналасқан көрші шаруашылықтардағы аурулардың өршуінен сақтандырады.

Сақтандыруға жататын бас саны - кемінде 30. Сақтандырылатын мал санына байланысты сақтандыру тарифтерінің әртүрлі деңгейлері белгіленген, мәселен, жылқы үшін - 2,31 – ден 6,46% - ға дейін, ұсақ мал үшін-2,38-ден 6,16% - ға дейін.

«Осы өнімдер бойынша сақтандыру сыйақыларын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау жұмыс істейді. Ол ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыруға және сақтандыру сыйқақысы сомасының 50%-ын субсидиялау арқылы сақтандыру шартын жартылай арзандатуға бағытталған. Осылайша, сақтандыру шартын жасасу кезінде фермер шарт құнының жартысын төлейді, қалған жартысын ол үшін оператор – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төлейді», деп атап өтті қордың Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Асқар Қалиев.

Жүйеде Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс істейді.

Осы тәуекелдерді әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингісі бар Халықаралық қайта сақтандыру компаниясы қайта сақтандыратын болады. Бұл сақтандыру тәуекелдері туындаған жағдайда кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер фермердің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы Qoldau.kz платформасында орналасқан Agroinsurance ақпараттық сервисінде жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025