Теннис • 26 Маусым, 2021

Дана Бәйдәулет Украинада өткен турнирдің жеңімпазы атанды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Дана Бәйдәулет Украинада өткен 18 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы әлемдік серияның ITF Juniors турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дана Бәйдәулет Украинада өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Д.Бәйдәулет финалда корт иесі, осы доданың 5-ракеткасы Дарья Есипчукпен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Кеше Д.Бәйдәулет жұптық сында литвалық Ума Бакайтитемен бірге аса тартысты матчта украиналықтар Катерина Лазаренко - Анита Сагдиеваны 4:6, 6:3, 10:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Дана жекелей және жұптық сында үздік шығып, абсолютті чемпион атанды. Ол биылғы маусымда бұған дейін де бір рет финалға шыққан болатын.

Отандасымыз жарыс барысында қарсыластарына бірде-бір сет бермегенін, алдағы уақытта да шеберлігін жетілдіруге бар күшін салатынын жеткізді.