Аймақтар • 26 Маусым, 2021

Тараз әкімдігіне қарасты мекеме жұмыскерлеріне заңсыз еңбек ақы төлеп келген

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласы әкімдігіне қарасты мекеме 6 қызметкерге заңсыз жалақы төлеп келген. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне сілтеме жасап.

Тараз әкімдігіне қарасты мекеме жұмыскерлеріне заңсыз еңбек ақы төлеп келген

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылдың сәуір айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен түскен арызына сәйкес, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жалақыны есептеу мен төлеудің заңдылығына жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 2020 жылдың тамызынан бастап 2021 жылдың ақпанына дейінгі аралықта жұмысқа заңсыз қабылданған және өз қызметтік міндеттерін орындамаған кәсіпорынның 6 жұмысшысына көлемі 6 718,9 мың теңгеге жалақы заңсыз есептеліп, төленгені анықталды. Олар үшін ай сайын жалақыны персоналды басқару бөлімінің мамандары, бухгалтері және кәсіпорынның бас экономисі алып келген», делінген ақпаратта.

«Жүргізілген аудит материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жіберілді. 2021 жылғы 29 сәуір айында аталған департамент тарапынан қылмыстық іс қозғалды», деді Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы А.Дүйсенбаев.