Қоғам • 23 Маусым, 2021

Ләззат Сүйіндік АҚДМ Ақпарат комитетінің басшысы қызметінен босатылды

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ләззат Сүйіндік АҚДМ Ақпарат комитетінің басшысы қызметінен босатылды

«ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Ләззат Сүйіндік 1985 жылы 26 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Шеффилд университетін тәмамдаған.

2008-2014 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық БАҚ басқармасының басшысы.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылғы мамыр айынан бастап қазірге дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025