Білім • 01 Маусым, 2021

Асхат Аймағамбетов қазақстандық бүлдіршіндерді құттықтады

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов қазақстандық бүлдіршіндерді құттықтады

«Қазақстандық бүлдіршіндерді төл мерекесі – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Балаларды қорғау күні – бұл жас ұрпақтың қауіпсіздігі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтарына қатысты жауапкершілік туралы тағы бір мәрте еске салатын атаулы күн. Қазақстан балалар құқықтарын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытуға белсенді қатысады», деді министр.

Сондай-ақ ел Президенті балалардың құқықтарын қорғау және олар үшін қолайлы жағдай жасау үшін қабылданып жатқан шараларды күшейту міндетін жүктеп отырғандығына тоқталды.

«Әлбетте, бұл жұмыстардың барлығы мемлекеттік, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен күнделікті негізде жүргізілуі тиіс. Бүгін Үкімет отырысында балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Инклюзивті білім беруді дамыту, балаларды секциялар және үйірмелермен қамту деңгейін арттыру, балалар үйлерінің санын азайту, ыстық тамақпен және қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, балалар үшін қауіпсіз орта құру сияқты кең ауқымды мәселелер көтерілді. Біздің жұмысымыздың басты бағыты – қазақстандық балалардың қауіпсіздігін сақтай отырып, оларға сапалы білім беру. Қымбатты балалар, мерекелеріңізбен! Сіздерге зор денсаулық, амандық тілеймін. Жазғы демалыста кітапты көбірек оқыңыздар. Демалыстарыңыз жақсы өтсін!», деп жазды facebook парақшасында.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25