«Бүгін «Қазавиақұтқару» тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Бүгін олар жайлы жаңа деректер пайда болған еді.
Еске салайық, Түркістан облысының құтқарушылары Төле би ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған жеті адамды іздестіріп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.