Елбасы • 21 Мамыр, 2021

Пандемия тұсында Еуроодаққа мүше елдердің экономикасы 23%-ға өсті – Елбасы

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиынның барлық қатысушыларына пандемияға қарамастан, ұйымға мүше елдердің экономикасында ілгерлеушілік бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пандемия тұсында Еуроодаққа мүше елдердің экономикасы 23%-ға өсті – Елбасы

«29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа біздің елдің астанасында қол қойғанымызға 7 жыл толады. Бүгінде бірлесіп күш жұмсаудың арқасында ЕАЭО әлемнің экономикалық сәулетінен жүйелі орын алғанын әсірелеусіз айтуға болады. Соңғы бес жылда елдеріміздің өзара саудасы 21 пайызға өсіп, 2020 жылы 55 млрд долларға жетті. Бұл дағдарыс жағдайындағы көрсеткіш. Әйтпесе біз одан да үлкен жетістіктерге жете аламыз», деді Елбасы. 

Сонымен бірге Ұлт көшбасшысы пандемия жағдайында одақ аясындағы байланыстардың беріктігі сынақтан өтіп жатқанын еске салды.

«Коронавирус пандемиясымен келген экономикалық дағдарыс біздің интеграциялық бірлестігіміздің беріктігінің сынағына айналды. Қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шығып отыр. Бұл азық-түлік, дәрі-дәрмек, цифрлық және қаржылық инфрақұрылым сияқты бірнеше саланың кең ауқымын қамтиды», деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025