«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, жәдігер-шырағданның пошымы құмыра тәрiздес һәм оның бүйiрiнде биікке асып қоюға арналған үш ілмегі бар. Онда ілмек шынжырлар бекітілген. Бұл шынжырлар дөңгелек металл пластинаға бекiтiлген. Шырағданның бір бүйірінде парсы тiлiнде өрнек үлгісімен жазылған жазу бар. Онда: «Әулиелердің сұлтаны, тақуалардың дәлелі – Қожа Ахмет Ясауи. Бұл аспалы шырақты Хажжаж ибн Уаққас Сайрами арнайы Сұлтанның [Қожа Ахмет Ясауи] кесенесіне уақф ретінде сыйға тартты» делінген.
Аспалы шырағдан 1993-1999 жылдары жүргізілген жөндеу жұмыстары кезiнде алынған екен. Яғни жерге түсірілген. Нәтижесінде, бұл жәдігерге зерттеу жасалып, ғылыми сараптама тағайындалған көрінеді.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Н.Ахметжанов мырза: «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Халықаралық музейлер күніне орай қорық-музей қорындағы ХVІ ғасырға тән түпнұсқа жәдiгерлердiң бiрі аспалы шырағданды тарихи тұғырына орнатып отырмыз. Шырағдан бұрынғы Қазандық бөлмесiнiң солтүстiк ойығы астында, Қабырханаға кiреберiстегi арканың ұшында iлулi тұрған екен. Сол орнына қайта орналасты», дейді.
Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының алдына ортағасырлық аспалы шырағдан орнатылды.
Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше