Спорт • 06 Мамыр, 2021

Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

692 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 7-9 мамыр күндері грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықарлық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Нұр-Сұлтан қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында өтетін турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды.

 Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 250-ден аса спортшы қатысады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен марапатталады. «Елдегі карантин талаптарына сәйкес халықаралық турнир жанкүйерсіз өтеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 7 мамыр күні сағат 16:00-де болады», деді әкімдік өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025