Спорт • 25 Сәуір, 2021

Бокс: Отандастарымыз Сербиядағы турнирді сәтті бастады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның Белград қаласында бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бокс: Отандастарымыз Сербиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстан құрамасының мүшесі Ермахан Жақпеков жарысты жеңіспен бастады. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол кипрлік Андреса Коккиносаны ұтты.

Сонымен қатар, келесі айналымға Нұрқанат Рейс те өтті. Ол жергілікті боксшы Рами Киваннан басым түсті.

69 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов шотландиялық Тайлер Джоллиді ұтып, жарысты келесі айналымда жалғастырады.
Ертуған Зейнуллинов командаластарының жеңісті жолын жалғастыруда. 63 келіге дейінгі салмақта ол ресейлік Ян Штокаленкодан айласын асырып, келесі кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, 81 келіде қазақстандық Нұрбек Оралбай сербиялық Слободан Йовановичты ұтып, келесі айналымда жұдырықтасуға мүмкіндік алды. 

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025