Оқиға • 15 Сәуір, 2021

Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының азаматынан заңсыз алып жүрген тапанша тәркіленді, деп хабарлайды Еgemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді

Келес-Шымкент арасына қатынайтын таксилер тұратын тұрақта, бір көлік жүргізушісінің басқаларға тапаншасын көрсетіп тұрған бейнежазбасы құқық қорғаушылар назарына іліккен. Қала тұрғынында қарудың қайдан жүргені, заңды немесе заңсыз екендігін анықтау мақсатында сол аумаққа белгіленген учаскелік инспектор оқиға орнына шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізген. Келес АПБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Мейіржан Тастемір күмәнді «Ниссан Тиано» маркалы көлікті табады. Оның көлігін тексеру кезінде заңсыз «AGENT Револьвер» маркалы тапанша атыс қаруы табылып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Күдікті тұрғын өз жауабында қаруды тауып алғанын айтқан. Құжатсыз қару тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен тапаншаның газды атыс қару екендігі белгілі болды.