Президент • 01 Сәуір, 2021

Президент коронавирусқа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді

2260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент коронавирусқа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді

«Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады», делінген жазбада.