 
                                        Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне сәйкес доллар бағамы 30 наурызбен салыстырғанда 0,34 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 424,74 теңге болды.
Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы: 1 доллар – 424,34 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматы қаласындағы ақша айырбастау нысандарын доллар 424,57 теңгеден сатылса, сатып алу – 423,02 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау нысандарында доллар 424,54 теңгеге сатылса, 423,46 теңгеден сатып алынып жатыр.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                