Қазақстан • 10 Наурыз, 2021

Көлік сатылымы көбейе ме?

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылы Қазақстан көлік сату және сатып алу бойынша өсімге ие болғандығы белгілі. Қыз­мет­кер­лердің онлайн жұмысқа көшуі, ин­тернет-сауданың артық­шы­лық­қа ие болуы да көлік сатылы­мы­на кедергі бола алған жоқ. Жыл­­дың артық-кемін бағалау мақ­са­тында Қазақстан автобиз­нес қа­уым­дас­ты­ғы ресми дилерлер арасында сауалдама жүргізген.

Көлік сатылымы көбейе ме?

Сауалдамаға қатысушылардың 50 пайызы теңге бағамының құбылуы на­рық­қа теріс әсер еткенін айтса, 36 пайы­зы айтарлықтай әсері болмағанын айтады. Қатысушылардың 57 пайызы Қазақ­стан­ның ЕАЭО аясында болуын ыңғайлы деп бағаласа, 36 пайызы армениялық көліктерді есепке қоюдың теріс әсер бергенін айтқан. Сондай-ақ дилердің 42 пайызы 2020 жылы сатылым жоспарлы көрсеткіштен асып түскенін мәлім еткен.

Респонденттердің 93 пайызы 2020 жылы жаңа автомобильдер бағасының өзгергенін атап өтті. Олардың 79 пайызы бұл фактордың сатылымға теріс әсері болды дейді. Соған қарамастан, баға айтарлықтай көтерілмеген. Егер 2018 жылдың соңында бағалар орташа алғанда 11 пайызға жоғарыласа, 2019 жылдың соңында 6,3 пайызға, 2020 жылдың соңында жекелеген брендтер мен модельдер үшін 5-7 пайызға көтерілді.

Дилерлер 2021 жылы сатылым былтыр­ғы­дан да жоғары болады деп болжайды. 50 пайызы былтырғыдан 5-10 пайызға жоғары деңгейде көлік сатуды жоспарласа, 14 пайызы 10-20 пайызға, 21 пайызы 20-30 пайызға артық сатылым жасауға ниетті.

Қазақстан автобизнес қауым­дас­ты­­ғы­ның мәліметінше, 2020 жылы жаңа авто­мобильдер сатылымы 93 371 бір­лік­ке жеткен. Елімізде былтыр 75 235 жеңіл автокөлік, жүк және жолаушылар авто­көліктері құрастырылған. Бұл 2019 жыл­­­мен салыстырғанда 52 пайызға жоға­ры.

«Нарық пен саланың даму перспективасына талдау жасай отыра, биыл нарық­та­ғы жергілікті автомобильдер үлесінің өсу тенденциясы жалғасады. Өз кезегінде автоөндіріс саласы өндіріс қуаттылығын арттырып, шығарылған өнімді локализациялау және экспорттауды ұлғайтпақ. 2021 жылы қауымдастық 100-120 мың жеңіл және коммерциялық автокөліктер сатылымы болады деп болжайды» делінген қауымдастық хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025