Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Ақтөбе облысында 1-5 сынып оқушылары түгел мектепке баратын болды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде карантин шектеу шарасы жеңілдеді. 1-5 сынып оқушылары дәстүрлі оқу форматына көшті.

Ақтөбе облысында 1-5 сынып оқушылары түгел мектепке баратын болды

Ақтөбе облыстық бас санитария дәрігері жаңа қаулы шығарды. Бүгіннен бастап өңірдегі карантиндік шектеу шарасы тағы жеңілдеді. Қоғамдық тамақтану орындарында адам саны сыйымдылықтан 30 пайызға аспауы тиіс. Яғни, мұндағы адам 50-ден жоғары болмауы керек.

Сонымен бірге, діни нысандар қызметін жандандырды. Мұнда да 30% талап сақталады. Жалпы білім беретін мектептердегі 1-5 сыныптарда 25, халықаралық мектептердегі 1- 7 сыныптарда 25 оқушыдан аспайтын аралас оқытуға рұқсат берілді.

«Білім мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға рұқсат. Тек топтарда адам саны 15-тен аспауы тиіс. Сонымен бірге бильярд клубтарының жұмысына рұқсат берілді. Балалардың ойын-сауық орталықтары да (жабық орындардағы аттракциондар, ойын алаңдары) жұмысты қайта жандандырырады. Тек мұндағы адам саны 50-ден аспауы тиіс», делінген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше