Оқиға • 27 Ақпан, 2021

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты,зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты

Жол-көлік апаты Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығының жанында болған.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған мекенжайда №12 қалалық автобусы «Volkswagen» және «Hyundai» көліктерімен соқтығысқан.

«Жол-көлік апатынан бес адам зардап шекті.Үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына, біреуі орталық қалалық клиникалық ауруханаға, тағы біреуі көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр», деп хабарлады басқармадан.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында апаттың себептерін анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше