Аймақтар • 22 Ақпан, 2021

СҚО: Жол апатынан бір адам мерт болып, төртеуі жарақат алды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, 45 жастағы ер адам көз жұмды. 

СҚО: Жол апатынан  бір адам мерт болып, төртеуі жарақат алды

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Жезқазған-Петропавл» автожолының 830 шақырымында болған. Николаевка елді мекеніне бұрылысқа 5 шақырым қалғанда «ВАЗ-21150» автокөлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан «Toyota Land Cruiser 200» көлігімен соқтығысқан. Ресейлік көлікті тізгіндеген Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының 45 жастағы тұрғыны оқиға орнында мерт болды. Оның үш жолаушысы, соның ішінде 6 жасар бала да бар, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

«Toyota» көлігінің жүргізушісі, Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғынының айтуынша, «ВАЗ-21150» көлігі жүк көлігін басып озбақ болған. Шетелдік көліктегі жолаушыға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Бұл дерек «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыста жолда аса мұқият болу қажеттігін көлік жүргізушілерінің есіне саламыз. Жүк көліктерінен кейін қар құйыны пайда болып, көрініс шектеледі. Сол себепті сақтықты ұмытпаған жөн», дейді Есіл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Сәкен Рахметов.



Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше