Аймақтар • 22 Ақпан, 2021

ШҚО: Ресейлік жүргізушінің көлігі жыраға түсіп кетті

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жүк көлігі жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен ресейлік жүргізушіге көмекке келді.

ШҚО: Ресейлік жүргізушінің көлігі жыраға түсіп кетті

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға «Өскемен-Семей» тасжолындағы Бұлақ ауылының маңында болған. «Ауа райының қолайсыздығына байланысты, нақты айтсақ дауылды желден «ДАФ» маркалы жүк көлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Көлік тізгінінде отырған Ресей Федерациясының 55 жастағы азаматы болып шықты. Ол Өскеменнен Семейге қарай келе жатқан»,  делінген хабарламада.

Полиция капитаны Н.Матайбаев және аға лейтенант Қ.Әзитай бірден жүргізушіге көмекке келді. Олар «ДАФ» көлігін басқа жүк көлігінің көмегімен қайтадан жолға шығарды.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше